KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Жетыбай-Ақтау» магистральдық мұнай құбырын және Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау магистральдық құбырының екінші кезегінің қайта өңдеу жұмыстарын аяқтап болды

 26.12.2014    408
«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Жетыбай-Ақтау» магистральдық мұнай құбырын және Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау магистральдық құбырының (Қаражанбас – Ақтау учаскесі) екінші кезегінің қайта өңдеу жұмыстарының аяқталуы жөнінде хабарлап отыр. Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау мен Өзен-Жетыбай-Ақтау ММҚ қайта өңдеу жобасы бозащы мұнайдың ағымын Өзен МБАС-қа қарай аудару үшін (Ақтау қаласындағы Битум зауытына бағытталатын көлемді санамағанда) және Каспий теңізінің қазақстандық тараптағы келешекті кен орындарын пайдаланумен байланыста жүзеге асырылып отыр. таржүщеге асырылып. «ҚазТрансОйл» АҚ 2014-2017 жылдары аралығында Бозащы мұнайының Ақтаудан Атырауға үздіксіз да сенімді тасымалын қаматамасыз ету үшін Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау және Өзен-Жетыбай-Ақтау магистральдық мұнай құбырларының жеке учаскелерін қайта өңдеу жұмыстарын үш кезеңмен жүзеге асырып отыр. Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау магистральдық мұнай құбырын өңдеудің бірінші кезегі шеңберінде Қаражанбас-Ақьау учаскедегі ұзындығы 14 км. тұрба кесіндісі ауыстырылған болатын. Сонымен қатар Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбырының ұзындығы 25 км. Тұрба кесіндісі ауыстырылып, Жетібай-Ақтау учаскедегі ұзындығы 78,6 км. Тұрба бөлігі қайта өңделген болатын. Нысанды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актісіне 2014 жылдың 27 тамызында қол қойылған болатын. Екінші кезең шеңберінде Қаражанбас-Ақтау учаскедегі ұзындығы 58,85 км. Тұрба кесіндісі, ал Өзен-Жетібай учаскедегі тұрбаның 60, 4 км-ге созылатын таңдалған кесінді ауыстырылған болатын. Нысанды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актісіне 2014 жылдың 26 желтоқсанында қол қойылған болатын. «ҚазТрансОйл» АҚ Өзен-Жетыбай-Ақтау магистральдық мұнай құбырын қайта өңдеу жумыстарын толығымен аяқтады. Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау құбырының қайта өңдеу жұмыстарын аяқтауды 2015 жылдың ортасына қарай жоспарлап отыр. Жобаның 1 кезеңі 13,3 млрд., ал екінші кезеңі 18,9 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Анықтама: «ҚазТрансОйл» – «ҚазМунайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания 5,5 мың шақырымға созылған мұнай құбырлары мен 2,1 мың шақырымнан аса созылған су ағызғылар желілерін басқара отырып, 8 мыңдай адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандар Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер