KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ ТОН-2 мұнай құбырының қазақстандық учаскесі бойынша жүргізіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының бір бөлігін аяқтады

 31.12.2014    586
«ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылға жоспарланған Туймазы – Омск – Новосибирск-2 (ТОН-2) магистральды мұнай құбырының қазақстандық учаскесіне қарайтын сызықтық бөлігінің жалпы ұзындығы 40 шақырым іріктелеген аудандарын ауыстыру жұмыстарын аяқтады. ТОН-2-ні күрделі жөндеуден өткізу жұмысы құбырдың қазақстандық учаскесі арқылы өтетін мұнайдың сенімді тасымалын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатыр. Оған Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасы арқылы ресейлік мұнай тасымалы бойынша ҚР мен РФ үкіметі қол қойған келісімшарт негізінде Қазақстан Республикасы аумағымен өтіп, Қытай Халық Республикасына Омск-Прииртышск-Атасу-Алашанқай бағытымен жеткізілетін ресейлік мұнай да кіреді. Күрделі жөндеу жұмыстары құбырдың белгілі бір бөліктеріне ғана жүргізілді. Алдын-ала жүргізілген құбырішілік диагностика негізінде ешбір ақаусыз жылына 7 млн тонна көлемінде мұнай тасымалын қамтамасыз ету үшін құбырларды кезең-кезеңмен ауыстыруға бағытталған алғашқы іс-шаралар жүзеге асырылды. Белгіленген уақыт ішінде жүргізілген жұмысты «Ақниет БН» ЖШС 5,3 млрд теңгеге атқарып шықты. 2015 жылы «ҚазТрансмОйл» АҚ ТОН-2 құбырына қарасты қазақстандық учаскенің 145,6 шақырымын ауыстыруды жоспарлап отыр. Анықтама: «ҚазТрансОйл» – «ҚазМунайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания 5,5 мың шақырымға созылған мұнай құбырлары мен 2,1 мың шақырымнан аса созылған су ағызғылар желілерін басқара отырып, 8 мыңдай адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандар Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер