KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

16 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 16.48-де Мартыши-Атырау мұнай құбыры бойынша мұнай айдау қайта жаңғыртылды

 16.01.2015    415
2015 жылдың 16 қаңтарында Астана уақыты бойынша сағат 10.50-де Атырау облысы территроиясы бойымен өтетін Мартыши-Атырау магистральдық мұнай құбырының 81,6 км. учаскеде «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының Атырау мұнай құбыры басқармасының апаттық-жөндеу қызметімен құбыр денесіне рұқсат етілмеген кесу тәркіленген болатын, нәтижесінде құбырдағы мұнай сыртқа төгілді. Қазіргі кезде рұқсат етілмеген кесудің орны жөнделіп, Астана уақыты бойынша сағат 16.48-де Мартыши-Атырау мұнай құбыры бойынша мұнай айдау қайта жаңғыртылды. Мұнай төгілген жерде мазутпен былғанған топырақты тазарту жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдай болған орнында «ҚазТрансОйлдан» Батыс филиалының Атырау мұнай басқармасының бас инженері А. Жәңгіров бастаған апаттық-қалпына келтіру бригадасы жұмыс жасауда. Әзірше қоршаған орта мен құбырдың бұзылуы, мұнайдың төгіліу салдарынан «ҚазТрансОйлға» келтірілген зиян сомасы дәйектелуде. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,5 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер