KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Standard & Poor’s халықаралық дәрежелеу агенттігі (бұдан әрі - S&P) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) кредит дәрежесін «ВВВ-»-дан «ВВ+»-ке дейін төмендетті

 24.02.2015    265
Қоғам дәрежесінің төмендеуі 2015 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы дәрежесінің төмендеуімен және 2015 жылғы 16 ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) дәрежесінің төмендеуімен негізделген. Дәрежелердің төмендеуі ҚМГ тобының стратегиялық маңызды еншілес компаниясы ретінде ҚТО мәртебесін, сондай-ақ Қоғамға мемлекет тарапынан уақтылы және жеткілікті жедел қолдау алу жоғары ықтималдығын көрсетеді. S&P хабарына қарағанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобындағы Қоғамның басты ролі және оның Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін стратегиялық маңызы Қоғамның Қазақстан Республикасы мұнай құбырларының басты операторы екендігімен қуатталады. S&P ҚТО-ның кредит қабілеттілігі (bb+) ҚМГ-ның өз кредит қабілеттілігінен (b) жоғары екендігін атап өтеді. Сонымен қатар S&P талдаушыларының пікірі бойынша компанияны күшті нарықтық ұстанымы, темір жол және танкер көлігі тарапынан шектеулі бәсекелестік, Қоғам деңгейінде қарызының болмауы, баламалы ақша ұстанымы арқасында қаржылық икемділігі, сондай-ақ көптеген жаңа жобаның мерзімін ауыстыра алу мүмкіндігін сипаттайды. Біз ҚТО 2014 жылы тарифтің көтерілуі арқасында операциялық қызметтен түсетін тиімді босалқы ақшаның елеулі ағынын туындатуды 2015 жылы жалғастырады деп күтеміз. Біз ҚТО ақша қаражатының айтарлықтай қоры барлық қазіргі бар инвестициялық жобалармен және жоғары дивидендтік төлемдермен байланысты шығыстарды жабуға мүмкіндік береді деп есептейміз. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер