Нақты мәліметтерге қарағанда 2014 жылы жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша кіріс көлемі 186 млрд. 997 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың көрсеткішінен 7,1% жоғары.
2014 жылдың қорытындысы бойынша жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша таза пайдасы 57 млрд. 698 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың нәтижесінен 11% жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының 2014 жылда шоғырландырылған кірісі 206 млрд. 637 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдың көрсеткішінен 5,2% жоғары.
2014 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған пайдасы 46 млрд. 431 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылдың нәтижесінен 26,9% төмен.
«ҚазТрансОйл» АҚ дивидендтерді есептеу үшін Қоғамның шоғырланған немесе бөлек таза кірісінің ең жоғары мөлшері қолданылатынын инвесторлар мен акционерлердің естеріне салады («ҚазТрансОйл» АҚ дивидендтік саясаты).
2014 жылдың 31 желтоқсанда аяқталған, жылдық шоғырландырылған қаржы есептілігі тәуелсіз аудиторлардың есебімен «ҚазТрансОйл» АҚ топтық сайтының мына мекен-жайы бойынша орналастырылды:
http://www.kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akparatti_ashu/karzhilik_akparat_zhildik_zhene_aralik_karzhi_esebi/
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі