KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдың бірінші тоқсандағы өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелері

 14.04.2015    556
«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдың үш ай ішіндегі өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелері 13 сәуірде бас директоры Қ. Қабылдинның төрағалығымен өткен жарияланған болатын. Мәжіліске Қоғам басшылары, филиалдар директорлары, олаодың экономика мен өндіріс жөніндегі орынбасарлары, мұнай құбыры басқармалар басшылары, еншілес пен бірлескен бақылаудағы компаниялар басшылары, Қоғам орталық аппаратының департамент директорлары мен қызметтер басшылары қатысты. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және айдаудың көлемі 12 млн. 453 мың тоннаны құрады, бұл жоспарланған өосеткіштен 10% артық, ал 2014 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 2% төмен. Сонымен қоса шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 16 млн. 117 мың тоннаны құрады, бұл жоспарланған межеден 12%, ал 2014 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 1% артық. Мұнайдың жүк айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 9 млрд. 162 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 6%, ал 2014 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 2% жоғары. Ал шоғырландырылған айналымы 11 млрд. 466 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштен 8%, ал 2014 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 3% артық. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 5 млн. 548 мың текше метр болды, бұл 2014 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 2% жоғары. Анықтама: «ҚазТрансОйл» – «ҚазМунайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания 5,5 мың шақырымға созылған мұнай құбырлары мен 2,1 мың шақырымнан аса созылған су ағызғылар желілерін басқара отырып, 8 мыңдай адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандар Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер