KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Standard & Poor’s халықаралық дәрежелеу агенттігі (бұдан әрі – S&P) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) кредит дәрежесі «Жағымсыз» деген болжаммен «ВВ+» деңгейінде екендігін қуаттады

 27.04.2015    369
Дәрежені қуаттау Қоғамға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан дер кезінде әрі жеткілікті шұғыл қолдау жасалу «жоғары» мүмкіндігі сақталып отырғандығы туралы S&P пікірін білдіреді. S&P Қоғамды бұрынғыдай ҚМГ тобының «стратегиялық елеулі» еншілес компаниясы деп есептейді. ҚМГ тобының «стратегиялық маңызды» компаниясы мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін маңыздылығы елде мұнайдың 53%-ынан астамын тасымалдайтын Қоғамның мұнай құбырларының негізгі операторы екендігімен де қуатталады. S&P ҚТО ел Үкіметі үшін «өте маңызды» қызмет атқарады, сондай-ақ оның мемлекетпен «бекем» байланысы бар деп пайымдайды. S&P қажет болған жағдайда Қоғам мемлекет тарапынан шұғыл қолдау ала алады деп болжайды. S&P әдістемесіне сәйкес ҚТО-ның ағымдағы дәрежесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ топ басының дәреже деңгейімен (ВВ+/Жағымсыз) шектеліп отыр. S&P пікірі бойынша Қоғамды мықты нарықтық орны, теңізге шығу мүмкіндігінің жоқтығымен, Каспий теңізінен қашық болуымен, сондай-ақ мұнайды құбырмен тасымалдау құнының төмендігімен байланысты темір жол және танкер көлігі тарапынан бәсекелестіктің шектеулігі сипаттайды. Сонымен қатар, S&P Қазақстан Республикасының елдік тәуекелін «жоғары» деп бағалайды және тарифтік реттеу тәртібі ашық емес, ал тарифтер жүйелі түрде қайта қаралып отырмайды деп есептейді. S&P Қоғам борышының қолайлы құрылымын атап көрсетеді – Қоғамның бүгінгі күнге өтелмеген борышының бүкіл сомасын оның ЕББҰ міндеттемелері құрайды. Қоғамның бейім ақша ұстанымының арқасында жақсы қаржылық икемділігі, сондай-ақ жаңа жобалардың көпшілігінің мерзімін ауыстыру мүмкіндігі және қарыз қаражат тарту қабілеті бар. S&P Қоғам 2015 жылы операциялық қызметтен түскен елеулі ұтымды бос ақша ағынын туындатуды жалғастыра береді деп күтеді. S&P Қоғамның елеулі ақша қаражат қоры бар инвестициялық жобамен және жоғары дивиденд төлемдерімен байланысты шығыстарды жабуға мүмкіндік береді деп есептейді. S&P талдаушылары егер компания өзінің кредиттік сипаттамасын нашарлатуға алып келетін елеулі сырт қарызды талап ететін жаңа инвестициялық жобаларға қатысатын болса немесе Қоғамның клиенттермен жаңа келісімшарттары елеулі түрде жағымсыз өзгерген жағдайда Қоғамның дәрежесі төмендеуі мүмкін екендігін атап көрсетеді. Қоғамның дәрежесі бойынша «Жағымсыз» болжамы бас компанияның дәрежесі бойынша болжам «Тұрақты» болып өзгерген жағдайда ғана солай өзгеруі мүмкін. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер