17 маусымда «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС иелік ететін «Атасу-Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырының 300,6 км-не кіре кесудің нәтижесінде мұнай құйылып кеткен болатын. 17 мен 19 маусым аралығындағы жөндеу жұмыстарына «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Карағанды мен Үшарал мұнай құбыры басқармаларының, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ң 40 қызметкері және арнайы техниканың 18 бірлігі тартылған болатын. 19 маусымда жөндеу жұмыстары аяқталып, «Атасу-Алашаңқай» магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнайды айдау жаңғыртылып, ластанған топырақ пен құйылып кеткен мұнай қалдықтары жиналған болатын. Қоршаған орта мен «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ға құбыр зақымынан келтірілген зардап ауқымы айқындалуда.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры Қазақстан-Қытай магистральдық мұнай құбырының бөлігі болып табылады. «Атасу-Алашаңқайды» пайдалануға іске қосқан мерзімнен бастап 2006 жылы мен 2014 жылдың аяғына дейін мұнай құбыры бойынша 75,8 млн. тонна (оның ішінде 2006 жылы – 2,2 млн. тонна, 2012 жылы – 11,8 млн. тонна) мұнай тасымалданды. Үстіміздегі жылдың 5 ай ішінде «Атасу Алашаңқай» мұнай құбырына мұнай қотару көлемі 5,5 млн. тонна құрады.
«ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі