KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Атырауда «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Атырау мұнай құбыры басқармасының әкімшілік-тұрмыстық корпус пайдаланымға берілді

 02.07.2015    331
Бүгін , 02 шілде күні, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының Атырау мұнай құбыры басқармасының жаңа әкімшілік-тұрмыстық корпустың ашылу салтанаты өтті. Жобаның мердігері «Ақ Бекет» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Атырау мұнай құбыры басқармасы «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының ірі де маңызды құрылымдық бөлімшелердің бірі болып табылады. Оның алдында ауқымды мақсат-міндеттер тұр: Атырау-Самара мұнай құбыры бойынша жылына шамамен 15 млн. тонна мұнай айдалып, күн сайын темір жол цистерналарына мұнай тиеліп, КТК-К жүйесіне, АМӨЗ-ге мұнай айдалып жүр. Мұнай құбыры басқарсмасы «Астрахан-Манғышлақ» су ағызғысы бойынша 1 миллион текше метрден аса судың жөнелтілуін қамтамасыз етеді. Құбыр басқармасының жұмысын мыңнан аса жоғары мамандырылған қызметкерлер қамтамасыз етеді. Судай жаңа төрт қабатты ғимарат барлық санитарлық-тұрмыстық, құрылыс нормаларына сай, жұмыс тәртібін сараптауды, құраманың санын, ерекше шарттар мен талаптарды ескере отырып салынған болатын: ішінде жайлы да техникалық жағынан жабдықталған кабинеттер, еңбек қорғау мен мемлекеттік тілді оқытудың сыныптары, конференц-зал, жайлы асхана және басқа да кешенді бөлмелер бар. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Қ. Қабылдин «біз Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері үшін жаңа офистік ғимарат ашып отырғанымыз – бұл қызметкерлеріміз үшін қамқорлық пен аймақтық әлеуметтік дамуына қосқан үлесіміздің көрінісі», деп сөз айтты. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер