«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам), 2015 жылғы 30 маусымда Қоғам акционерлеріне 2014 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төленуі аяқталды деп хабарлайды.
2015 жылғы 20 мамырдағы Қоғам акционерлері жалпы жиналысының шешіміне сәйкес (хаттама №1/2015), төленетін дивидендтер сомасы 46 429 363 155 (қырық алты миллиард төрт жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз алпыс үш мың жүз елу бес) теңге 29 тиын мөлшерінде бекітілді.
2014 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның жай акцияларына дивидендтер алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2015 жылғы 27 мамырдағы 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша анықталды.
2015 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Қоғам 2014 жылға жай акциялар бойынша 46 429 363 155 (қырық алты миллиард төрт жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз алпыс үш мың жүз елу бес) теңге 29 тиын мөлшерінде дивидендтерді іс жүзінде төледі.