«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізген өндірістік-шаруашылық қызметінің қорытындылары үстіміздегі жылдың 9-шы шілдесінде Бас директор Қ. Қабылдинның төрағалығымен өткен «ҚазТрансОйл» АҚ кеңейтілген жиынында жария етілді.
Жиынға Қоғам басшылығы, филиалдардың басшылары, филиал директорларының қаржы және экономика жөніндегі орынбасарлары, мұнай құбыры басқармаларының жетекшілері, еншілес компаниялар мен бірігіп басқарылатын компания басшылары, «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратына қарасты департамент директорлары мен қызмет жеткешілері қатысты.
Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және айдаудың көлемі 24 млн 372 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 2%-ға, ал 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ұқсас көрсеткіштерге қарағанда 3%-ға төмен.
Сонымен қатар, шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 31 млн 328 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштерге қарағанда 4% артық, ал 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ұқсас көрсеткіштерге қарағанда 2%-ға төмен.
Мұнайдың жүк айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 18 млрд 331 млн тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштерге қарағанда 2% артық және 2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткіштерінен 2% артық.
Ал шоғырландырылған айналымы 22 млрд 872 млн тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштерге қарағанда 5%-ға артық және 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ұқсас көрсеткішінен 3% артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы жіберілген судың көлемі 11 млн 895 мың текше метр болды, бұл жоспарлы көрсеткіштерге қарағанда және 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғанда 10%-ға көп.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,7 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-136