KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

ҚазТрансОйл» АҚ Батуми активтерін қамақтан шығару туралы ақпараттық хабарлама

 23.07.2015    257
2015 жылғы 12 маусымда Батуми қалалық соты ООО «Батумский нефтяной терминал» бір жағынан және екінші жағынан «Vibro Diagnostik» шетелдік кәсіпорыны филиалы арасындағы 2015 жылғы 23 сәуірдегі Бітімгерлік актісін бекіту туралы ұйғарым шығарды. 2015 жылғы 13 шілдеде Тбилиси қалалық соты ООО «Батумский нефтяной терминал», «Batumi Terminals Limited» компаниясы, «Petrotrans Limited» компаниясы бір жағынан және екінші жағынан «Vibro Diagnostik» шетелдік кәсіпорын филиалы, сондай-ақ «Libra Trading FZC» компаниясы арасындағы 2015 жылғы 23 сәуірдегі Бітімгерлік актісін бекіту туралы ұйғарым шығарды. Бұдан басқа, осы сот ұйғарымымен «Batumi Terminals Limited» (Кипр) компаниясының ООО «Батумский нефтяной терминал» (Грузия) 100% үлесіне, ООО «Батумский нефтяной терминал» ООО «Батумский морской порт» (Грузия) 100% үлесін басқару айрықша құқығына және ООО «Батумский нефтяной терминал» жылжымайтын мүлкіне бұрын салынған қамақты алып тастауға шешім қабылданды. 2015 жылғы 22 шілдеде Тбилиси қалалық сотының көрсетілген ұйғарымы негізінде Грузия Әділет министрлігінің Ұлттық жария тізілім агенттігі аталған мүлікке салынған қамақты алып тастады. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер