KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

ҚазТрансОйл «Астрахан-Манғышлақ«магистральдық су құбырдағы құрылыс-жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтады

 06.08.2015    326
«ҚазТрансОйл» АҚ Астрахан-Маңғышлақ магистральдық су құбырының 455,5 км-гі құрылыс-жөндеу жұмыстарын өз күшімен аяқталған болатын. 2015 жылдың 6 тамызында Астана уақыты бойынша 19 сағат 47 минутта Астрахан-Маңғышлақ магистральдық су құбырының жұмысы жандандырылып, тұтынушыларға су жеткізу қалыпты технологиялық тәртіппен жүзеге асырылып отыр. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының жалпы уақыты 40 сағат 27 минутты құрады. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер