KZTO 841,30 (-0,14%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 841,30 (-0,14%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«КазТрансОйл» АҚ «Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбыры жұмысының тоқтатылуы жөнінде хабарлап отыр

 06.08.2015    394
2015 жылдың 5 тамызында сағат 3.20-да (Астана уақыты бойынша) «Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының жұмысы оның желілік болігінің 455,5 км.-де судың шығуы себебінің салдарынан тоқтатылған болатын. Әзірше «ҚазТрансОйл» АҚ су құбырының технологиялық қалпын қайта келтіру мен су өткізуді қайта жандандыру үшін төтенше шараларды қолданып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Анықтама: «ҚазТрансОйл» – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер