2015 жылдың 9 айындағы өндірістік қызмет қорытындыларын 2015 жылдың 16 қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ кеңейтілген мәжілісінде жарияланған болатын.
Мәжіліске компания басшылары, филиалдар директорлары, филиалдар директорларының экономика және қаржы жөніндегі орынбасарлары, мұнай құбыры басқармаларының басшылары, еншіліс және бірлесіп бақыланатын компаниялар басшылары, «ҚазТрансОйл» АҚ департаменттер мен қызметтердің басшылары қатысты.
Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай айналымы 27 млрд. 511 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 3% жоғары және 2014 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 2% жоғары. Шоғырландырылған мұнай айналымы 34 млрд. 057 млн. тонна-километрді құрады, бұл жоспарлы межеден 4% және 2014 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішінен 3% жоғары.
Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнай тасымалдаудың көлемі 36 млн.073 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеден 2% жоғары және 2014 жылдың 9 айындағы ұқсас нәтижесінен 3% төмен.
Шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 46 млн. 218 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеден 3% жоғары және 2014 жылдың 9 айындағы ұқсас нәтижесінен 3% төмен.
Есеп беру кезеңі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 19 млн. 096 мың текше метр болды, бұл жоспарлы межеден 18% жоғары және 2014 жылдың 9 айындағы ұқсас көрсеткішіне толығымен сәйкес болып отыр.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМунайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,4 мың км. Магистралдық мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың су құбыры желілерін бақылап отыр, 8 мыңнан астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі