«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы шоғырылдырылмаған қаржылық көрсеткіштері жайында хабарлап отыр. Жеке «ҚазТрансОйл» бойынша түсім 2015 жылдың 9 айлардында 144,3 млрд құрады, бұл 2014 жылдың 9 ай ішіндегі ұқсас көрсеткіштен 9% жоғары.
Жеке «ҚазТрансОйл» бойынша 2015 жылдың 9 ай ішіндегі таза пайда 61,8 млрд теңгені құрады, бұл 2014 жылдың 9 ай ішіндегі нәтижеден 23% жоғары.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМунайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,4 мың км. Магистралдық мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың су құбыры желілерін бақылап отыр, 8 мыңнан астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі