KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болып Нұртас Шманов тағайындалды

 18.12.2015    290
«ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының 2015 жылдың 14 желтоқсандағы шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Қайыргелді Қабылдиннің өкіліттіктері берілген өтінішке сәйкес мерзімінен бұрын аяқталып, 2015 жылдың 16 желтоқсанынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Нұртас Шманов тағайындалды. Нұртас Нұрыбекұлы Шманов 1956 жылы Атырау қаласында туылып, Уфадағы мұнай институтын «мұнай-газ құбырларын, газ қоймалары мен мұнай базаларын жобалау және пайдалану» мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік академия төңірегіндегі нарық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, сонымен бірге Бостондағы (АҚШ) Массачусетст университетін бітірген болатын. 36 жылдана аса уақыт бойы Қазақстан Республикамыздың құбыр көлігінде қызмет етуде, негізгі технологиялық жабдықтауды жөндеу жөніндегі слесардан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына дейінгі кәсіби жолды бастан кешті. «Южнефтепровод» ӨБ («Транснефть» АК), «Теңізшевройл» ЖШС, «Каспий құбыр консорциумы - Ресей», «ШевронНефтьГаз», «ШевронМұнайГаз», «Шеврон Оверсиз Петролеум Инк.» сияқты компаниаларында жауапты лауазымдарға ие болды. 2007 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қаңтар айы арасындағы уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) лауазымын иемденді. Н.Н. Шманов – мұнайшылар әулетінің өкілі. Әкесі Нұрыбек Нәбиұлы - сала ардагері, «ыстық» мұнай құбырларын пайдалану мәселелерін зерттеген, өз тәжірибесі мен білімдерін практикалық жұмыста қолданған алғаш қазақ ғалымы еді. Нұрыбек Шманов есімімен «ҚазТрансОйл» АҚ-ң мұнай айдау стансаларының бірі аталынды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМунайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,4 мың км. Магистралдық мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың су құбыры желілерін бақылап отыр, 8 мыңнан астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі 8 (7172) 555-136
Реакция:
Серiктестер