Нақты мәліметтер бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының мұнай тасымалдау мен айдаудың шоғырландырылған көлемі 2015 жылғы қаңтар – желтоқсанда 61 млн. 001 мың тоннаны құрады. Бұл жоспарлы межемен салыстырғанда 1 млн. 806 тоннаға артық болып, ал 2014 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 3 млн 003 тоннаға азайды. Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 45 млрд. 446 тонна км құрады, бұл жоспарлы межеден 1 млрд. 709 млн тоннаға артық, ал 2014 жылдың ұқсас көрсеткішінен 1 млрд 241 тоннаға аз.
Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайды тасымалдау мен айдаудың көлемі 2015 жылғы қаңтар – желтоқсанда 47 млн 541 мың тонна құрады. Жоспарлы көрсеткіщпен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 310 тоннаға артып, өткен жылдың ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 2 млн 492мың тоннаға азайды. 2015 жылы жеке «ҚазТрансОйл» бойынша жүкайналымы 36 млрд 866 млн тонна км құрады, бұл жоспарлы межеден 1 млрд 474 млн тона км артық, ал 2014 жылдың көрсеткішінен 1 млрд 033 мың тонна км аз.
2015 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына 14 млн. 395 мың тонна мұнай жөнелтіліді (бұл жоспарлы межеден 297 мың тоннаға аз және 2014 жылдың көрсеткішінен 668 мың тоннаға азайды).
Атап айтқанда АМӨЗ-ге 4 млн. 767 мың тонна (жоспарлы межеден 56 мын тонна, ал 2014 жылға қарағанда 22 мың тоннаға азайды ), ПКОП-қа – 4 млн. 449 мың тонна (жоспарлы межеден 14 мын тонна, ал 2014 жылға қарағанда 341 мың тоннаға азайды), Битум зауытына 373 мың тонна (жоспарлы межеден 202 мын тонна, ал 2014 жылға қарағанда 249 мың тоннаға азайды), ПМХЗ-ға – 4 млн. 805 мың тонна (жоспарлы межеден 26 мын тонна, ал 2014 жылға қарағанда 56 мың тоннаға азайды) мұнай жөнелтілді Айта кетерлігі, 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап батыс қазақстандық мұнайды ПМХЗ-ға Рессей Федерациясы территориясы арқылы транзитпен Т. Қасымов атындағы МАС – Самара – ТОН-2 – Омбы – ПМХЗ бағыты бойынша бірінші рет тасымалдаулар басталды. Осылайша казақстандық ресурстарды иемденушілері мұнайды ПМХЗ-ға қосымша бағытпен айдауға мүмкіндік алды. Жеткізілімдердің ең басынан бастап және де 2015 жылдың аяғына дейін берілген бағыт бойынша 50 мың тонна мұнай тасымалданған болатын.
«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесімен мұнай тасымалдау көлемі 2015 жылдың 12 айында 15 млн. 702 мың тонна мұнай құрады, жоспарлы межеден 1 млн. 198 мын тонна, ал 2014 жылға қарағанда 1 млн 061 мың тоннаға арта түсті.
«Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу көлемі болмашы түрде 11 млн. 794 құрады (бұл жоспарлы межеден 371 тонна артық, ал 2014 жылдың ұқсас мерзім ішіндегі көрсеткіштен 30 мың тоннаға азайды).
«КазТрансОйл» қуаттарын пайдаланып, Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю көлемі 2 млн. 881 мың тонна құрады, бұл жоспарлы межеден 191 мың тоннаға артық, ал 2014 жылдың көрсеткішінен 2 млн 314 мың тоннаға азайды.
КҚК-Қ магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемі 2015 жылдың 12 айы ішінде 2 млн. 779 мың тоннаны құрады, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңінен 169 мың тоннаға және жоспарлы межеден 202 мың тоннаға аз.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен ресейлік мұнай транзиті 2015 жылдың қорытындылары бойынша 6 млн. 969 мың тоннаны құрады, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 186 мың тоннаға, ал жоспарлы межеден 62 мың тонна артық болып отыр.
«ҚазТрансОйл» АҚ Астрахань – Маңғыстау су ағызғысымен Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларына Еділ суын жеткізеді. 2015 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында су беру көлемі 24 млн. 998 мың текше метрді құрады және 2014 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 183 мың текше метрге, ал жоспарлы межемен салыстырғанда 1 млн. 809 мың текше метрге артты.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнайқұбырлары желісі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 15 млн 870 мың тонна құрады, бұл жоспарлы межеден 269 мың тоннаға артық. ал 2014 жылдың ұқсас көрсеткішінен 277 мың тоннаға азайды. Жүк айналымы 15 млрд 664 млн тонна км - бұл жоспарлы межеден 390 млн тонн км-ге, ал өткен жылғы көрсеткішіне қарағанда 99 млн тонн км-ге артты.
«МұнайТас» СБКҚ АҚ мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 3 млн 744 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеден 186 мың тоннаға, ал 2014 жылдың көрсеткішінен 718 мың тоннаға арта түсті. Жүк айналымы 1 млрд 467 мың тонна км құрады, бұл жоспарлы межеден 79 млн тонн км-ге, ал 2014 жылдың көрсеткішінен 308 млн тоннаға артты.
BTL бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің көлемі 3 млн 616 тыс тоннаны құрады - бұл жоспардан 266 тыс тоннаға жағары, ал 2014 жылға қарағанда 739 мың тоннаға төмен болып отыр.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМунайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,4 мың км. Магистралдық мұнай құбырлары мен ұзындығы 2 мың су құбыры желілерін бақылап отыр, 8 мыңнан астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
8(7172) 555-136