2016 жылы 14 сәуірде «ҚазТрансОйл» АҚ Директолар кеңесінің отырысы өтті. Соның барысында акционерлердің жылдық жалпы жиналысын 2016 жылдың 27 мамырында шақыру шешімі қабылданып, «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының келісідей күн тәртібі орнатылды:
- 2015 жылғы «ҚазтрансОйл» АҚ-ның жылдық қаржылық есептілігін және шоғырландырылған жылдық қаржы есептілігін бекіту;
- 2015 жылғы «ҚазтрансОйл«АҚ-ның таза пайдасын бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мен «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту;
- 2015 жылғы «ҚазТарнсОйл» АҚ-ның жылдық есебін бекіту;
- «ҚазТрансОйл» АҚ Директолар кеңесінің 2015 жылғы жасаған жұмыстың жылдық есептілігін бекіту;
- 2015 жылғы Қоғам мен оның лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің үндеулерін қарау және сол қараудың қорытындысы туралы;
- «ҚазТрансОйл» АҚ Жарғысына өзгертулер енгізу туралы;
- «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында сатып алу кезінде бағасын айқындау Әдістемеге енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бекіту туралы.
Директорлар кеңесі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлердің жалпы жиналысына:
1. 2015 жылда алған 44 712 936 000 (қырық төрт миллиард тоғыз жеті жүз он екі миллион тоғыз жүз отыз алты мың) теңге көлемдегі таза кірісті келісідей тәртіппен таратуды: – 44 712 936 000 (қырық төрт миллиард тоғыз жеті жүз он екі миллион тоғыз жүз отыз алты мың) теңге көлемдегі «ҚазТрансОйл» АҚ-ң таза кірістің жүз пайызын құрайтын сомасын дивидендтерді төлеуге жіберу арқылы;
2. Өткен жылдарда таратылмаған пайданы келісідей тәртіппен таратуды: 6 443 598 667 (алты миллиард төрт жүз қырық үш миллион бес жүз тоқсан сегіз мың алты жүз алпыс жеті) дивидендтерді төлеуге жіберу арқылы;
3. Бір жай акциясына 133 (жүз отыз үш) теңге мөлшеріндегі дивидендтерді төлеуді ұсынған болатын.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральді мұнай құбырының ұлттық операторы.
«ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзақтығы 7,5 мың км асатын магистральді мұнай құбырлар мен су таратқыштар әртараптандырылған торабын иеленетін Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай тасымалдау компаниясы болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акциялары Қазақстандық Қор Биржасында листингтен өтті. Халықтық IPO нәтижесінде 2012 жылдың қараша-желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері Қазақстан Республикамыздың 33 989 азаматы және 10 жинақтаушы зейнетақы қорлары болды.
2012 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 75 теңге және/немесе орналастыру бағасына 10,3 пайыз құрады. 2012 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 28 847 669 925 теңге немесе 2012 жылда алған таза кірістің 86 пайызын құрады. 2013 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 109 теңге және/немесе орналастыру бағасына 15 пайыз құрады. 2013 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 41 925 280 291 теңге немесе 2013 жылда алған таза кірістің 66 пайызын құрады.
2014 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 120 теңге 71 тиын және/немесе орналастыру бағасына 16,7 пайыз құрады. 2014 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 46 429 363 155 теңге немесе 2014 жылда алған таза кірістің 100 пайызын құрады.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
8-717-2-555-135, 8-717-2-555-136