KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Standard and Poor’s «ҚазТрансОйл» АҚ ұзақ мерзімді кредит дәрежесі «Жағымсыз» деген болжаммен «ВВ» деңгейінде екендігін қуаттады

 19.04.2016    396
ҚТО дәрежесін «ВВ» деңгейінде қуаттау ҚТО-ның өз кредит қабілетін (bb+) бағалауды, ҚТО-ның бас компания «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін стратегиялық маңызы жоғары және Standard & Poor's пікірінше компанияға Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан қажет жағдайда уақтылы әрі жеткілікті қолдау жасалу мүмкіндігінің жоғары екендігімен негізделген. ҚТО-ның ҚМГ тобы үшін жоғары стратегиялық маңызы ҚТО-ның елде мұнайдың 51%-ынан астамын тасымалдайтын мұнай құбырларының негізгі операторы қызметімен байланысты. Standard & Poor's талдаушылары бизнес тәуекелдердің қолайлы бейінін, ҚТО деңгейінде борыштардың жоқтығын, қаржылық икемділікті, қарыз қаражат тарту мүмкіндігін және қажет жағдайда компанияның жаңа жобалардың көпшілігінің мерзімін ысыруға қабілеттілігін атап көрсетеді. Standard & Poor's ҚТО 2015 жылы тарифтердің көтерілуі және жүк айналымы көлемінің тұрақтылығы арқасында операциялық қызметтен түскен елеулі ұтымды ақша ағынын туындатуды жалғастыра береді деп күтеді. Standard & Poor's ҚТО-ның елеулі ақша қаражат қоры барлық қолданыстағы инвестициялық жобамен байланысты шығыстарды жабуға және жоғары дивиденд төлемдеріне мүмкіндік береді деп есептейді. «Жағымсыз» болжамы бас компания – ҚМГ-нің дәрежесі бойынша болжамды білдіреді. Мұнымен қатар, Қазақстан Республикасының және бас компанияның егемендік дәрежелерінің төмендеуі ҚТО-ға қатысты осындай дәрежелеу әрекеттеріне мейлінше тән. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 373 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығ 1975 мың км. су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі +7-717-2-555-134 +7-717-2-555-136
Реакция:
Серiктестер