KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2016 жылдың бірінші тоқсандағы өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелері

 26.04.2016    290
2016 жылдың бірінші тоқсанында Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 11 млн. 68 мың тонна құрады, бұл 2015 жылғы ұқсас көрсеткішінен 11% төмен. Сонымен қоса шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдаудың көлемі 14 млн. 350 мың тоннаны құрады, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 11% төмен. Мұнайдың жүк айналымы бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 9 млрд. 109 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 1% төмен. Ал шоғырландырылған айналымы 11 млрд. 186 млн. тонна-километрді құрады, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 2% төмен. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахань – Маңғыстау суағызғысы арқылы су беру көлемі 5 млн. 506 мың текше метр болды, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткішінен 1% төмен. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 373 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығ 1975 мың км. су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі +7-717-2-555-134 +7-717-2-555-136
Реакция:
Серiктестер