KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» Шымкентті айналдыра салынған «Павлодар-Шымкент» мұнай құбыры телімін пайдалануға берді

 29.04.2016    302
«Павлодар-Шымкент» мұнай құбырының 1623 км-ден 1632 км-ге дейін ұзындығы 14,3 км құрайтын Шымкентті айналдыра салынған телімінің құрылысы «ҚазТрансОйл» АҚ тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын ғимараттардың магистралды мұнай құбырына тым жақын орналасуына қатысты пайда болған жағдайды шешу үшін жүзеге асырылды. ҚР «Магистралды құбыр туралы» Заңымен құрылыс шамалары және ережелерімен бекітілген ең аз аралықта магистралды мұнай құбырына жатпайтын кез келген құрылыс жүргізуге тікелей тыйым салынғаны белгілі. Бұрын мұндай тыйым ҚР «Мұнай туралы» және «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Заңдарында белгіленген. Бұған қарамастан Шымкенттің мұнай құбыры жолына жақын қауіпті аймақта өсуіне байланысты ретсіз құрылыстар орын алды. Өз уақытында олардың барлығы заңсыз салынды. Алайда 2006-2007 жылдардағы «Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық туралы» Заң бұл құрылыстардың иелеріне мүліктерін заңдастырып алуға мүмкіндік берді. Мұнай құбыры жолынан ең аз аралықтан жақын орналасқан заңсыз құрылыстар дерегі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ сотқа бірнеше мәрте талап-арызбен жүгінді, олардың көп бөлігі қанағаттандырылды. Алайды мәселенің әлеуметтік маңызын ескеріп және тым жақын «көршіліктің» төтенше зардаптарын болдырмау үшін, сол секілді магистралды мұнай құбырын қауіпсіз пайдалану мақсатында 2014 жылы қаңтар айында «ҚазТрансОйл» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірге «Павлодар-Шымкент» магистралды мұнай құбыры телімін Шымкенттің тұрғындар қалың орналасқан аудандарын айналдыра көшіру туралы меморандумға қол қойды. Қол қойылған құжатқа сәйкес, компания мұнай құбыры телімін көшіру бойынша барлық шығындарды өз мойнына алды, ол 1,8 миллиард теңгені құрады. «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырының жаңа телімі 2016 жылғы наурыз айында пайдалануға берілді, ал 12-15 сәуір кезеңінде негізгі «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырына қосылды. Мұнай құбырының жаңа телімін пайдалануға беру арқсында магистралды мұнай құбырына жақын салынған тұрғын ғимараттар саны Шымкенттің Құрсай, Қазығұрт және Сәуле мөлтек аудандарында 182 нысанға кеміді. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистралды мұнай құбыры жөніндегі ұлттық оператор. Компания ұзындығы 5 373 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 1975 мың км. су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер