2016 жылдың бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша шоғырланған түсім 54 млрд. 661,6 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас көрсеткіштен 2% жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2016 жылдың бірінші тоқсандағы таза пайдасы 19 млрд. 807,1 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсандағы ұқсас нәтижесінен 3,7% төмен.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 373 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 1975 мың км. су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі