Қазақстан Республикасы Астана қаласы «Есіл» ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 19 мекенжайында орналасқан және деректемелері мынадай: ЖБН 970 540 000 107, 2012 жылғы 29 тамыздағы ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік сериясы 62001 №0015217, Кбе 16, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы, SWIFT BIC: HSBKKZKX, KZ 536010111000012185 (теңге) «ҚазТрансОйл» АҚ хабарлайды: 2016 жылғы 27 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2015 жыл үшін «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады және 2015 жыл үшін дивиденд мөлшері бір жай акцияға шаққанда 133 (бір жүз отыз үш) теңге мөлшерінде бекітілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысының жоғарыда көрсетілген шешіміне сай «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге жолданады:
- «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 44 712 936 000 (қырық төрт миллиард жеті жүз он екі миллион тоғыз жүз отыз алты мың) теңге сома 100% таза табысы;
- өткен жылдары бөлінбей қалған 6 443 598 667 (алты миллиард төрт жүз қырық үш миллион бес жүз тоқсан сегіз мың алты жүз алпыс жеті) теңге сомасында пайдасы.
2015 жылдың қорытындысымен «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2016 жылғы 11 маусым 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша түзілді.
Дивиденд төлеу ақшамен, оны «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шотына белгіленген тәртіпте аудару жолымен 2016 жылғы 27 маусымнан бастап жүргізіледі:
1) «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ атынан төлем агенті арқылы;
2) «Бағалы қағаздар орталық депозитариі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрмаған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ өзі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шотына белгіленген тәртіпте аудару жолымен.