Құрметті акционерлер мен инвесторлар,
Сіздерге мәлім, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) «ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларымен сауда-саттық 2015 жылдың 23 желтоқсаннан бастап Т+2 тәртібіне көшті.
Т+2 тәртібінің өзгешелігі мәмілелер бойынша есеп айырылусылардың «дәл айтқан күні» жасалмай, мәміле жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні жасалуы болып табылады.
2016 жылы 4 наурызда KASE интернет-сайтындағы «Жиі қойылатын сұрақтар» парағы
(http://www.kase.kz/kz/faq) «Т+2 тәртібі» бөлімімен толықтырылғаны туралы өз сайтында хабарлама жасады.
Айтылған парақта келесі сұрақтарға жауап берілді, оның ішінде:
Есеп айырысулар қай уақытта жасалады? Активтерді жеткізу қалай жүзеге асырылады?
Бағалы қағаздармен Т+2 тәртібінде жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды, Т+2 күні сауда-саттықтың жабылу уақытынан және клирингілік сессия өткізілгеннен кейін, Алматы уақытымен сағат 19.00-ге дейін Орталық депозитарий жүзеге аысрады. Сауда-саттыққа қатысушылары Т+2 күні Алматы уақытымен 17.20 дейінгі мерзімде активтерін есепке қосуы тиіс.
Мерекелік және сауда-саттық емес (демалыс) күндеріне байланысты жағдайда Т+2 тәртібі қалай іске асырылады?
Т+2 есеп айырысу күні мәміле жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күн болып саналады. Мысалы, мәмілелер жұмыс күні жасалса, есеп айырысу күні келесі аптаның сейсенбісі болады. Бұл ретте егер дүйсенбі демалыс күні болса, есеп айырысу күні сейсенбіден сәрсенбіге ауыстырылады.
Бағалы қағаздардың меншік иесі қалай ауысады?
Бағалы қағаздардың меншік иесін ауыстыру Т+2 күнінде жүзеге асырылған есеп айырысулар нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Т+2 сызбасы бойынша акция сатып алған тұлға дивиденд алуға қашан құқылы болады?
Мәміле жасалғаннан кейін екі күннен соң, акциялар оның шотына аударылғаннан кейін ғана құқылы болады. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бір атаудағы акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тиянақтау датасы акцияларды сатып алу мәмілесі жасалғаннан кейінгі екі күнге сәйкес келсе, акциялар шотқа аударылғанға дейін дивиденд алуға осы мәміледе сатушы болған тұлға құқылы болады.
2015 жыл бойынша дивидендтерді төлеудің алдағы мерзімінде «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларымен мәміле жасаған кезде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.
Инвесторлармен байланыс қызметі
«ҚазТрансОйл» АҚ