KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

ҚазТрансОйл» АҚ «Астрахан-Маңғышлақ» су ағызғысының тоқтатылуынан кейінгі жұмысын қайта жандандыруы жөнінде хабарлап отыр

 10.06.2016    517
2016 жылдың 9 маусымында Астана уақыты бойынша 22 сағат 27 минутта Еділ өзенінің Қиғаш ағысынан суды алып, оны одан әрі Астрахан-Маңғышла су ағызғысы бойымен айдайтын «Қиғаш» желілік өндірістік-диспетчерлік стансасындағы сорғы агрегаттарының жұмысы тоқтатылды. Су ағызғы жұмысының тоқтатылу себебі - «Қиғаш» ЖӨДС-ғы технологиялық құбырдан судың ағып шығуы болып табылады. «Астрахан-Маңғышлақ» су ағызғысы бойымен суды айдау мөлшерлерін азайту мақсатта тұтынушылар үшін су «ҚазТрансОйл» АҚ су қоймаларынан берілген болатын. Жөндеу эжұмыстарын өткізгеннен кейін 10 мауысымда 13 сағат 24 минутта «Қиғаш» ЖӨДС-ғы сорғы агрегаттары жұмысқа қосылып, Астрахан-Маңғышлақ су ағызғысы бойымен берілетін су ағымы қайта жанданды. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 400 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы жуығымен 2000 мың км. су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер