KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандарында алғаш рет бу қайтарымдау жүйесі орнатылуда

 15.06.2016    294
Қазіргі кезде «ҚазТрансОйл» АҚ Өзен – Атырау – Самара магистральдық мұнай құбыры «663 км» мұнай айдау стансасының (МАС) құрылысы аяқталуда. Бұл жұмыстар қазақстан-қытай магистральдық мұнай құбырлары жүйесі Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл учаскелерінің өнімділігін жылына 20 млн тоннаға дейін арттыруға бағытталған құрылыс жобасы екінші кезеңінің екінші кезегін іске асыру аясында жүргізіліп отыр. Жобалық шешімдерге сәйкес «663 км» МАС Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырының бас МАС міндетін атқаратын болады. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің нысандарын салу кезінде органикалық ұшпа қосылыстарды (ОҰҚ) қайта қалпына келтіру үшін бу қайтарымдау жүйесі алғаш рет қолданылатын болады. «663 км» МАС-та орнатылатын аталмыш жүйені жасаушы «ОТС» компаниялар тобы (Калининград қаласы, РФ) болып табылады. Үдеріс атмосфераға көмір сүзгілерінен таза ауа шығаруға мүмкіндік беретін белсендірілген көмір қабатында сіңіру және бу ағынындағы көмірсутектерді тазарту үшін вакуум көмегімен белсендірілген көмірді қалпына келтіру белгілі технологиясына негізделген. Аталмыш технология әлемде мұнай және мұнай өнімдерін сақтау сұйыққоймалары, авто- және теміржол шандары, теңіз танкерлері үшін ең оңтайлы шешім ретінде танылды. Осы технологияны пайдалану жоғары энергия тиімділігімен қатар жеңіл көмірсутектердің ысырабын жоюға, мұнайдың қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді және ауаға зиян тасталындыларды шектейді. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы шамамен 5 400 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 2000 мың км-ге жуық су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер