KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың жаңа нысаны пайдалануға берілді

 28.06.2016    328
«Өзен-Атырау- Самара» магистарльды мұнай құбырының «663 км» Мұнай айдау станциясында (МАС) электрмен жабдықтау қосалқы станциясы пайдалануға берілді. «663 км» МАС-тағы 220/110/10 КВ (ҚС) электрмен жабдықтау қосалқы станциясы МАС-ты жалпы қайта құру шеңберінде нысанды электрмен жабдықтау қуатын арттыру үшін жаңартылды. ҚС-та релелік қорғау және автоматика мен өлшеу аспаптары көп қызметті микропроцессорлық құрылғылар негізінде замануи кешенді релелік қорғау, басқару, автоматика және дабыл жүйесі орнатылды. ҚС Батыс Қазақстан – Батыс Қытай мұнай құбыры жүйесінің өнімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан-Қытай магистральды мұнай құбырлары жүйесінің құрылысы жобасының екінші бөлігінің екінші кезегін жүзеге асыру аясында жүргізілген «663 км» МАС-ты қайта құру жобасының айтарлықтай ірі және капиталды қажет ететін нысандарының бірі болып табылады. «663 км» МАС жобалық келісімдермен сәйкес мұнай айдаудың реверстік бағыты кезінде «Кеңқияқ-Атырау» магистральды мұнай құбырының бас МАС қызметін атқарады. ҚС пайдалануға беру актісі 2016 жылғы 14 маусымда берілді. ҚС қайта құру құны ҚҚС қоса есептегенде 2,2 миллиард теңгені құрады. Анықтама: «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы шамамен 5 400 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 2000 мың км-ге жуық су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер