«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам), 2016 жылғы 27 маусымда Қоғам акционерлеріне 2015 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төленуі аяқталды деп хабарлайды.
2016 жылғы 27 мамырдағы Қоғам акционерлері жалпы жиналысының шешіміне сәйкес (хаттама №3/2016), төленетін дивидендтер сомасы 51 156 534 667 (елу бір миллиард жүз елу алты миллион бес жүз отыз тәрт мың алты жүз алпыс жеті) теңге мөлшерінде бекітілді.
2015 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның жай акцияларына дивидендтер алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2016 жылғы 11 маусымдағы 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша анықталды.
2016 жылғы 27 маусымдағы жағдай бойынша Қоғам 2015 жылға жай акциялар бойынша 51 156 534 667 (елу бір миллиард жүз елу алты миллион бес жүз отыз тәрт мың алты жүз алпыс жеті) теңге мөлшерінде дивидендтерді іс жүзінде төледі.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі