«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының базасында мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшейтін жүйе (ММСӨЖ) іске қосылды. Құрылғы «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның кен орнынан битум зауытына мұнайдың тасымалдануын бақылауға мүмкіндік береді. Жобаның құны ҚҚС-ті қоса есептегенде 1,3 млрд. теңгені құрады.
ММСӨЖ - есептік операциялар кезінде мұнайдың нақты мөлшерімен сапасын анықтайтын автоматтандырылған жүйе.
Құрылғы жылу жүйесімен, газдылықты бақылау, өрт сигнализациясы, дыбыстық және түстік сигнализацияны қамтитын табиғи және апаттық сору вентиляциясымен және жарықпен қамтамасыз етіліп, технологиялық ғимаратта орналасқан. Жүйе сағатына 350 тоннадан 1400 тоннаға дейін шығынмен екі жұмыс және бір резервтік өлшеу бағыттарынан тұрады.
ММСӨЖ 2015 жылы 18 желтоқсанда Қазақстан Респубикасының өлшеудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету мемлекеттік реестріне енгізілді.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы шамамен 5 400 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 2000 мың км-ге жуық су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансойл» АҚ жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар қызметі