Су құбырының өткізу қуаттылығын кеңейту жобасының бірінші кезеңі шеңберінде су айдайтын 5 насос станциясын реконструкциялау аясында құрылыс-монтаж жұмыстары 2017 жылы желтоқсан айында аяқталады. Реконструкциялаудың нәтижесінде магистральды су құбырының өткізу қуаттылығы кезең-кезеңімен 2020 жылға қарай тәулігіне 35 мың текше метрге дейін ұлғайтылмақ.
Бүгінгі күні «Қиғаш» - су сору станциясы (ССС-8) желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының учаскісіндегі (Құлсары қ.) су таратқыштың техникалық мүмкіндігі тәулігіне 94 000 метрді құрайды; Маңғышлақ - ССС-8 учаскісінде тәулігіне 73 000 текше метр.
Су құбыры тұрмыстық, технологиялық және техникалық қажеттілік үшін Батыс Қазақстанның мұнай кең орындарына техникалық суды жеткізумен айналысады. Құбырдың негізгі тұтынушылары келесідей мұнай кең орындары болып табылады: «Теңгізшевройл», «NCOC N.V.», «Қаражанбасмұнай», «Манғыстаумұнайгаз» (Жаңаөзен қ., Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас және Тегіз ауылдары тәрізді кең орындары).
Жалпы, магистральды су құбыры арқылы жеткізілетін суды Атырау және Маңғыстау облыстарының 173 тұтынушылары пайдалануда, атап айтқанда: 23 мұнай-газ кең орындары, 36 өндірістік орындар, 20 коммуналдық және бюджеттік ұйымдар, 94 ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер.
Су құбыры коммуналдық кәсіпорындарына су жеткізумен айналысады, ал олар өз кезегінде Аққыстау (8 000 адам), Құлсары қ. (70 000 адам), Жанаөзен қ. (120 000 адам), Бейнеу (47 000 адам) сынды елді мекендерге жеткізілген суды ішуге жарамды су сапасына дейін тазартып қамтамасыз етеді. Аталған елді мекендерде жыл сайын халық саны артып келетінін атап өту қажет.
Суды залалсыздандыру және санитарлық тазалау процесі су таратқышқа жеткізілген сәтінде ақ өткізіледі. Тауарлық су 2-ші су тартқышта темір бетондық резервуарларда хлорлап тазаланады.
Хлорды 3 мг/дм3 мөлшерімен вакуумдық хлораторлар арқылы өлшейді. Әрі қарай су Астрахань-Маңғышлақ су құбырына жеткізіледі.
Бұдан әрі «Қиғаш» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының лаборанттары өзеннен алынған су мен құбыр желісі арқылы келетін техникалық суға сараптама өткізеді. Сараптамалық-өндірістік бақылау ҚР МЕМСТ регламенттелген талдау әдісі негізінде арнайы жабдықтарды қолдану арқылы жүргізіледі. Мұндай ұқсас талдау «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының «Құлсары» ЖӨДС зертханасыменде өткізіледі. Бұл өз кезегінде су құбыры арқылы тасымалданатын судың сапасын бақылауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы мен Мағыстау облысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптау орталығы» РМҚ арасында «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырынан алынған техникалық суға микробиологиялық және физика-химиялық сараптама өткізу үшін келісімшартқа қол қойылды.
Кешендік зертханалық зерттеулерге сай «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры арқылы келетін судың сапасы орнатылған нормалар мен талаптарға толықтай сай.
«ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар қызметі