2016 жылдың 20 қазанында «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы отырысында келесідей шешімдер қабылданды:
- «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің сандық құрамы анықталды – 7 (жеті) адам, «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің құрамына «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесі үшін белгіленген мерзімге «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Досанов Димаш Ғабитұлы тағайындалды.
- «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Шманов Нұртас Нұрыбекұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі ретінде анықталды.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар қызметі