KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Атырау облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мұнай айдау станциясының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

 07.12.2016    346
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау облысына іссапары барысында «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалына қарасты Атырау мұнай құбыры басқармасының «663 км» МАС модернизацияланған мұнай айдау станциясының жұмысы көрсетілді. Жаңа қуаттылықтар мұнайды экспортпен отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мақсатында Қазақстан-Қытай мұнай құбырының Атырау-Кеңқияқ учаскісінің өткізу әлеуетін ұлғайтты. Әр түрлі жүк жөнелтушілердің, оның ішінде Қытай Халық Республикасы бағытына қарай қашаған мұнайын тасымалдауын, батысқазақстандық мұнайды отандық зауыттарға жеткізуді қамтамасыз ету аясында Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының жобасының 2 кезеңінің екінші кезекті жүзеге асыру шеңберінде «663 км» МАС жөндеуден өкізіліп, кеңейтілді. – Модернизацияланған мұнай айдау станциясын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойымен тұспа-тұс келгені қуантарлық жағдай және бұл Қашаған мен басқа да батысқазақстандық кен орындарының мұнайын ҚХР экспортқа және отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуге мүмкіндік беріп отыр, - деп телемост барысында «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының директоры мәлімдеді. «663 км» МАС-тың модернизациялау жұмыстары 2014 жылдың қаңтар айында басталған, жөндеу жұмыстарын отандық мердігерлер жүргізді. Жобалық шешімдерге сай реверсттік режиміндегі Атырау-Кеңқияқ мұнай құбыры жұмысының бас мұнай айдау станциясының қызметін атқарады. Бұған қоса, жоба аясында «663 км МАС - АМӨЗ» мұнай құбыры арқылы «663 км» МАС мұнай айдау функциясын атқармақ. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер