2017 жылдың 14 сәуірінде «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жиында төменде көрсетілген күн тәртібімен 2017 жылдың 25 мамырында акционерлердің жылдық жиынын шақыру туралы шешім қабылданды:
- «ҚазТрансОйл» АҚ 2016 жылдың қаржылық есебін және шоғырланған қаржылық есебін бекіту туралы;
- 2016 жыл бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ таза табысын бөлу, өткен жылдардың бөлінбеген табыстарын бөлу тәртібі туралы, қарапайым акциялар бойынша дивидентерді төлеу және «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым бір акция есебінде дивиденттердің көлемін бекіту туралы шешім қабылдау;
- 2016 жылдың қызметі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ директор кеңесінің жылдық есебін бекіту туралы;
- 2016 жыл бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіне және оның лауазымдық тұлғаларына «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлер тарапынан түскен үндеулер жайлы және олардың қарастыру қорытындылары туралы;
- «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комиссиясының кейбір мүшелерінің уәкілеттіліктері мерзімінен бұры аяқталу жөнінде және «ҚазТрансОйл» АҚ есеп комитетінің жаңа мүшелерін сайлау туралы;
«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына келесідей шешімдерді ұсынуды бекітті:
- 2016 жылдың қорытындысы бойынша алынған «ҚазТрансОйл» АҚ 44 527 918 000 (қыры төрт миллиард бес жүз жиырма жеті миллион тоғыз жүз он сегіз мың) теңге көлеміндегі таза табысын «ҚазТрансОйл» АҚ 100% таза табысты құрайтын 44 527 918 000 (қыры төрт миллиард бес жүз жиырма жеті миллион тоғыз жүз он сегіз мың) теңге көлеміндегі сомманы дивиденттерді төлеуге бағыттау;
- Өткен жылдың бөлінбеген табыстың келесідей бөлу тәртібін бекіту, 15 089 437 345 (он бес миллиард сексен тоғыз миллион төрт жүз отыз жеті мың үш жүз қырық бес) теңге көлемін дивиденттерді төлеуге бағыттау;
- 2016 жылға дивидент көлемін «ҚазТрансОйл» АҚ бір қарапайым акция есебінде 155 (жүз елу бес) теңге деңгейінде бекіту.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы шамамен 5,4 мың км. мұнай құбырлары мен ұзындығы 2000 мың км-ге жуық су ағызғылары желісін басқарады. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар қызметі