25 мамыр күні «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті. Жиынға «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов және Басқарма мүшелері қатысты.
Димаш Досанов журналистер қауымын «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысында қабылданған шешімдерімен, компанияның 2016 жылдың қорытындысымен бірге үстіміздегі жылдың міндеттерімен таныстырды. Ол компанияның акционерлерімен компанияның 2016 жылдың таза табысы мен өткен жылдардың бөлінбеген табысын бөлу, қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеу тәртібінің қабылдануы, бір қарапйым акция есебінде дивидент көлемін бекіту мәселелері қабылданғанын хабарлады.
– «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу аясында Қазақстан қор биржасында компанияның ашық акцияларын жариялау кезеңінда алғаш рет 59 617 355 345 теңге көлемінде рекордтық қаражат бағытталды. Бұған қоса, 2016 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ 44 527 918 000 теңге көлеміндегі таза табысы мен өткен жылғы 15 089 437 345 теңге көлеміндегі бөлінбеген дивиденттерді төлеу қарастырылған. 2016 жылға дивидент көлемі «ҚазТрансОйл» АҚ бір қарапайым акция есебінде 155 теңге деңгейінде бекітілді. Көрсеткіш 2015 жылы төленген дивиденттермен салыстырғанда 17 % жоғары және бұл орналастыру бағамына 21% кірісті қамтамасыз етеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтердің жалпы соммасы бір жыл бұрын компания акционерлеріне төленген дивидендтерден 8 млрд 461 млн теңгеге артық, - деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).
Компанияның қарапайым акциялары бойынша дивидендтердің алу құқына ие, белгіленген акционерлердің тізімі бойынша жылдық дивидендті төлеу 2017 жылдың 14 маусымда 00 сағат 00 минут уақыты бойынша реестрге сәйкес жүзеге асырылатын болады және де 2016 жылдың 27 маусымында төленеді.
Үстіміздегі жылы «ҚазТрансОйл» АҚ өзінің қаржылық-экономикалық ұрақты көрсеткіштерін сақтады.
«ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының мұнай тасымалдау мен ауыстырып құюдың шоғырланған көлемі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 56 млн 575 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межемен салыстырғанда 186 мың тоннаға жоғары және 2015 жылдың сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 4 млн 426 мың тоннаға төмен.
Мұнайдың шоғырланған жүк айналымы 43 млрд 130 млн тонна шақырымды құрады, бұл жоспарлы межеден 625 млн тонна шақырымға жоғары және 2015 жылдың сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 2 млрд 316 млн тонна шақырымға кем.
Компанияның 2016 жылғы шоғырланған табысы 207 млрд. 107,8 млн. теңгені құрады, аталмыш көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 2,8%-ға төмен.
2016 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырланған таза табысы 44 млрд. 527,9 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға төмен.
2016 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнайқұбыры жүйесі арқылы Қазақстанда жалпы өндірілген мұнай көлемінің шамамен 47% тасымалданды.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания 5,4 мың шақырымға созылған магистралдық мұнай және 2 мың шақырым су құбырлары желілерін басқарып, 7 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың қарапайым акциялары Қазақстандық қор биржасында листингтен өтті. Халықтық IPO нәтижесінде 2012 жылдың қараша-желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері Қазақстан Республикамыздың 33 989 азаматы және 10 жинақтаушы зейнетақы қорлары болды.
2012 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 75 теңге және/немесе орналастыру бағасына 10,3 пайызды құрады. 2012 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 28 847 669 925 теңге немесе 2012 жылда алған шоғырланған таза кірістің 86 пайызын құрады.
2013 жылдың нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 109 теңге және/немесе орналастыру бағасына 15 пайызды құрады. 2013 жылда дивидендтердің жалпы сомасы 41 925 280 291 теңге немесе 2013 жылда алған шоғырланған таза кірістің 66 пайызын құрады.
2014 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 120 теңге және/немесе орналастыру бағасына 16,6 пайызды құрады. 2014 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 46 млрд 429 млн 363 мың 155 теңге 29 тиын немесе 2014 жылда алған шоғырланған таза кірістің 100 пайызын құрады.
2015 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 133 теңге немесе орналастыру бағасына 18,3 пайызды құрады. 2015 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 44 млрд.712 млн 936 мың теңге және өткен жылдары бөлінбеген табыстың 6 млрд 443 млн 599 мың теңгені құрады.
АО «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс
және ішк коммуникациялар қызметі