KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Акционерлер мен инвесторларға арналған ақпарат

 30.05.2017    599
Құрметті акционерлер мен инвесторлар, Сіздерге мәлім, а.ж. 25 мамыр күні «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша бір қарапайым акция есебінде 155 теңге деңгейіндегі дивидендтерді төлеу шешімі қабылданды. «ҚазТрансОйл» АҚ 2016 жылдың қорытындысына сай қарапайым акциялары бойынша дивидендтердің алу құқына ие акционерлердің тізімі 2017 жылдың 14 маусымда 00 сағат 00 минут уақыты бойынша құрылатын болады. Соған сейкес, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық 2015 жылдың 23 желтоқсанынан бастап Т+2 тәртібіне көшкені туралы ескертеміз, яғни мәмілелер бойынша есеп айырылусылардың «дәл айтқан күні» жасалмай, мәміле жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні жасалынады. KASE интернет-сайтындағы «Жиі қойылатын сұрақтар» парағы (http://www.kase.kz/kz/faq), «Т+2 тәртібі» бөлімінде келесі сұрақтарға жауап берілді, оның ішінде: Есеп айырысулар қай уақытта жасалады? Активтерді жеткізу қалай жүзеге асырылады? Бағалы қағаздармен Т+2 тәртібінде жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды, Т+2 күні сауда-саттықтың жабылу уақытынан және клирингілік сессия өткізілгеннен кейін, Алматы уақытымен сағат 19.00-ге дейін Орталық депозитарий жүзеге аысрады. Сауда-саттыққа қатысушылары Т+2 күні Алматы уақытымен 17.20 дейінгі мерзімде активтерін есепке қосуы тиіс. Мерекелік және сауда-саттық емес (демалыс) күндеріне байланысты жағдайда Т+2 тәртібі қалай іске асырылады? Т+2 есеп айырысу күні мәміле жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күн болып саналады. Мысалы, мәмілелер жұмыс күні жасалса, есеп айырысу күні келесі аптаның сейсенбісі болады. Бұл ретте егер дүйсенбі демалыс күні болса, есеп айырысу күні сейсенбіден сәрсенбіге ауыстырылады. Бағалы қағаздардың меншік иесі қалай ауысады? Бағалы қағаздардың меншік иесін ауыстыру Т+2 күнінде жүзеге асырылған есеп айырысулар нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Т+2 сызбасы бойынша акция сатып алған тұлға дивиденд алуға қашан құқылы болады? Мәміле жасалғаннан кейін екі күннен соң, акциялар оның шотына аударылғаннан кейін ғана құқылы болады. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бір атаудағы акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тиянақтау датасы акцияларды сатып алу мәмілесі жасалғаннан кейінгі екі күнге сәйкес келсе, акциялар шотқа аударылғанға дейін дивиденд алуға осы мәміледе сатушы болған тұлға құқылы болады. 2016 жыл бойынша дивидендтерді төлеудің алдағы мерзімінде «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларымен мәміле жасаған кезде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз. Инвесторлармен байланыс қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ
Реакция:
Серiктестер