KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ жаңа Басқарма мүшесі сайланды

 01.06.2017    244
1 маусымнан Идырысов Орал Армияұлы «ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың трансформация жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің 2017 жылғы 26 мамырдағы шешімімен Идырысов О.А. 2017 жылдың 1 маусымынан бастап компанияның Басқарма мүшесі болып сайланды. Идырысов О.А. «Еңбек экономисті» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1977 жылы «Алма-Атажилстрой» трестінің СМУ-30 ағаш шебері болып бастаған. 1981-1997 жылдар аралығында Алматы қ. комсомол, партиялық және кеңес органдарында әртүрлі жауапты қызметте болған. 1997-1999 жылдары құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің аймақтық даму және кадр бөлімінің бас инспекторы. 1999-2001 жылдары «Қазақойл» ҰМГК ЖАҚ құжат айналымын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және бақылау департаментінің директоры. 2001-2016 жылдары «Өзенмұнайгаз» ААҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС және т.б. ұйымдарда басшылық қызметтерде болған. 2016 жылдың мамыр айынан «ҚазТрансОйл» АҚ адам ресурстарын басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры қызметін атқарған. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер