«ҚазТрансОйл» АҚ басқару активтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында 2017 жылдың 28 маусымында «Batumi Terminals Limited» еншілес компаниясы жабылды.
«Batumi Terminals Limited» (Кипр) компаниясының 100% акциясының иеленушісі болған «ҚазТрансОйл» АҚ осы компания арқылы Грузиядағы «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ немесе БМТ өндірістік активтерін иеленіп, басқарған болатын. БМТ «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-ның 100% акциясының эксклюзивті басқару құқығына ие.
30.12.2015 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1141 «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысына сай «ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Terminals Limited» компания тобын қайта құрылымдау аясында «ҚазТрансОйл» АҚ арасында басқару деңгейі мен компанияның өндірістік активтерін қысқарту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілді.
2017 жылдың 28 маусымында «Batumi Terminals Limited» компаниясын жабу процедуралары аяқталды.
«ҚазТрансОйл» АҚ
Жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар қызметі