2017 жылдың I-ші жартыжылдығындағы жеке «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайдың тасымалдану деңгейі 22 млн 732 мың тоннаны құрады. Көрсеткіш 2016 жылдың сәйкесінше уақытымен салыстырғанда 4%-ға артық.
Мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау және ауыстырып құюдың шоғырланған көлемі есепті уақытта 28 млн 894 мың тоннаны құрап, 2016 жылдың 6 айындағы көрсеткішінен 2%-ға артық.
Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайдың жүк айналымы I-ші жартыжылдықта 18 млрд 958 млн тонн/км құрады. Бұл өткен жылдың сәйкесінше уақытынан 6%-ға көп.
Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 23 млрд 098 млн тонн/км құрап, 2016 жылдың I-ші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 7%-ға артық.
«Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына есепті уақытта 12 млн 698 мың текше метр су жеткізілді. Бұл 2016 жылдың 6 айындағы көрсеткішінен 6%-ға артық.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания 5 373 шақырымға созылған магистралдық мұнай және 1975 шақырым су құбырлары желілерін басқарып отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл«АҚ
Жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар қызметі