«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған түсімі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 107.637,6 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы осындай көрсеткіштен 3% артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ жеке түсімі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 100.841,5 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы осындай көрсеткіштен 5% артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған таза пайдасы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 32.734,1 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижеден 15% төмен.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың таза пайдасы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 26.630,6 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижеден 26% төмен.