KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

ҚазТрансОйл Ресей мұнайын Өзбекстан бағытына тасымалдауды бастады

 20.11.2017    400
2017 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасындағы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесінің қабылдау-тапсыру бекетінде Ресей мұнайының алғашқы партиясы қабылданды. Қабылданған мұнай Қазақстан Республикасы арқылы Өзбекстан бағытына транзиттеледі. 2017 жылдың 16 қыркүйегінде бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы Негіздемелік келісімге сәйкес, 16 қарашадан бастап Ресей мұнайы «ҚазТрнасОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесі арқылы Омск – Павлодар – Шымкент- Шағыр мұнай құю эстакадасы (теміржол цистерналарына құю) бағыты бойынша қабылдана бастады. – Ресей мұнайының Өзбекстан бағытына транзитінің басталуы «ҚазТрнасОйл» АҚ үшін өте маңызды оқиға және Қазақстан үшін транзиттік әлеуеттің жоғары тартымдылығын көрсетеді,-деп атап өтті «ҚазТрнасОйл» АҚ Бас директоры Димаш Досанов. – Бұл бағытта біз мұнайдың қосымша көлемін тасымалдауға техникалық жағынан бұрыннан дайын болғанбыз. Мұнай құбыр арқылы Шағыр мұнай құю эстакадасына дейін тасымалданады. Сол жерде теміржол цистерналарына құйылып, шойын жолмен Өзбекстанға аттандырылады. Мұнайды жеткізу кестесіне сәйкес, қараша айында транзит көлемі 30 мың тоннаны құрайды. 2017 жылдың аяғына дейін аталған бағыт бойынша 80 мың тоннаға дейін шиікзатты тасымалдау жоспарланған. Бүгінге, яғни, 2017 жылдың 20 қарашасындағы көрсеткіш бойынша «ҚазТрнасОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесіне 20,95 мың тонна мұнай қабылданған. «Шағыр» эстакадасынан теміржол цистерналарына 13,3 мың тонна Ресей мұнайы тиелді. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегіқызметі
Реакция:
Серiктестер