KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырларын басқару Астанада орталықтандырылды

 14.12.2017    288
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында компанияның мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдауды диспетчерлік басқаруды орталықтандыру бойынша жоба диспетчерлік қызметтерді Астанадағы Бас диспетчерлік басқармасына, яғни «ҚазТрансОйл» АҚ БДБ-ға беру жолымен сәтті аяқталды. Енді «ҚазТрансОйл» компаниясы Қазақстанның 11 облысындағы мұнайдың жүк ағынын Астанадан тікелей басқарады. Бұл қадам «ҚазТрансОйл» АҚ-та 2006 жылы жүзеге асырылған SCADA диспетчерлік бақылау және жүк ағындарын басқару жүйесін енгізу бойынша жобаны іске асырудың қорытындысы болып табылады. Мұнайды қабылдау және тапсыру, Ақтау кемежайында және компанияның темір жол эстакадаларында мұнай құюды бақылау «ҚазТрансОйл» АҚ БДБ-дан компания мұнай құбырларының барлық телімдерінде онлайн режимінде жүзеге асырылады. Жоба компанияның нысандарында диспетчерлік бақылау және басқару жүйесін (SCADA) лицензиялық, сол секілді аппараттық қамтамасыз етуді жаңартуға мүмкіндік берді. Қызметтерді БДБ-да орталықтандыру компанияның көлік ағындарын басқару деңгейін төрттен екіге дейін қысқартуды қамтамасыз етті. «ҚазТрансОйл» АҚ-та бұрын жұмыс істеген диспетчерлік бақылау құрылымы төрт деңгейлі сатыдан, яғни жергілікті диспетчерлік пунктер (ЖДП), аудандық диспетчерлік пунктер, орталық диспетчерлік пунктер және Астанадағы Бас диспетчерлік пунктіден құралған болатын. Қазіргі уақытта құрылымда тек ЖДП мен БДП бар, ізінше екі деңгей оңтайландырылды. Аймақтық құрылымдық бөлімшелер диспетчерлерінің бір бөлігі астаналық БДБ-ға ауыстырылуда және 27 қарашадан бастап жұмысқа кірісіп кеткендігін де атап өту керек. Құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің жалпы саны 47 адам. «ҚазТрансОйл» АҚ БДБ-ға бас директор (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов пен Басқарма мүшелері барды. Олар диспетчерлердің жұмыс орындарын қарап, берілген тапсырмаларды орындауға дайындықтарын бағалады. Компания басшылығы атап өткендей, «ҚазТрансОйл» АҚ-та SCADA жүйесін енгізудің алғашқы кезеңінде оның қорытындысы озат құрал-жабдықтар және жаңа технологиялармен жабдықталған 7 технологиялық телімде тасымалдауды бір орталықтан диспетчерлендіру болғанын атап өтті. Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» АҚ БДБ-ды ұжымын жобаның сәтті аяқталуымен құттықтады және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 20 жылдығы жылы заманауи диспетчерлік пунктін іске қосу әлемдік тәжірибеге сәйкес мұнай ағынын басқаруды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол қазақстандық магистральды мұнай құбырлары жүйесінің тұрақты және қауіпсіз жұмысын қолдауға зор үлесін тигізеді. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі қызметі
Реакция:
Серiктестер