KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма құрамының жаңа мүшесі сайланды

 12.01.2018    466
«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің 2017 жылдың 13 желтоқсанындағы шешімімен 2018 жылдың 3 қаңтарынан «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып Арынов Сәбит Әбілдаұлы сайланды. Арынов С.Ә. 1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы» мамандығы бойыша тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы Атырау мұнай айдау стансасында технологиялық құрылғыларды жөндеу жөніндегі слесарі болып бастаған. Кейін Атырау мұнай құбыры басқармасының инженер-механигі болды. 2000-2002 жылдары – Атырау су дайындау және сумен қамтамасыз ету басқармасының магистральды құбырлар және жабдықтарды пайдалану қызметінің инженері. 2002-2005 жылдары - «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының пайдалану бөлімінің инженері, орталық диспетчерлік бекеттің диспетчері, диагностика жөніндегі инженері, мұнай құбырын пайдалану бөлімі бастығының орынбасары. 2005-2006 жылдары – Орал мұнай құбыры басқармасының магистральды құбырларды пайдалану қызметінің басшысы, 2006-2007 жылдары Орал мұнай құбыры басқармасының бас инженері. 2007 жылдың қарашасынан 2008 жылдың мамырына дейін - «Терминалекс» ЖШС бас директоры. 2008 жылдың мамыр айынан 2009 жылдың желтоқсан айына дейін - «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бас инженері. 7 жылдан аса «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің директоры лауазымын атқарды. 2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың ақпанына дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалын басқарды. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер