Осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне арналған тарифтер: 1) Атырау мұнай құбыры басқармасы үшін – 0,69 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 2) Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы үшін – 1,07 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 3) Шымкент мұнай құбыры басқармасы үшін – 1,02 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде; 4) «Қиғаш» бас су сорғы станциясы үшін – 0,63 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілгенін хабарлаймыз. Көрсетілген тарифтер 2018 жылғы 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі