2017 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ құбырлар жүйесі бойынша тасымалдаудың негізгі көрсеткіштері 2016 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда артты. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобы бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау және ауыстырып құюдың шоғырландырылған көлемі 58 млн 537 мың тоннаны құрады. Ол 2016 жылға қарағанда 1 млн 961 мың тоннаға көп. Шоғырландырылған мұнай жүк айналымының көлемі 48 млрд 360 млн тонна километрді құрады, ол 2016 жылғы көрсеткіштен 5 млрд 230 млн тонна-километрге көп.
Өткен жылдың қортындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай тасымалдау мен ауыстырып құю көлемі 46 млн 293 мың тоннаға жетті, ол 2016 жылғы көлемнен 2 млн 496 мың тоннаға артық.
Өткен жылы «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі бойынша жеке мұнай жүк айналымы 39 млрд 823 млн тонна километрді құрады, ол 2016 жылғы деңгейден 4 млрд 188 млн тонна-километрге көп.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасы мұнай өңдеу зауыттарына былтыр 14 млн 766 мың тонна мұнай жеткізілді, ол 2016 жылғы деңгейден 380 мың тоннаға көп. Соның ішінде АМӨЗ - 4 млн 629 мың тонна (2016 жылғыдан 36 мың тоннаға аз); ПКОП – 4 млн 686 мың тонна (2016 жылғыдан 189 мың тоннаға көп); ПМХЗ – 4 млн 732 мың тонна (2016 жылғыдан 133 мың тоннаға көп) мұнай жеткізілді. Ақтау битум зауытына жеткізілген мұнай көлемі 718 мың тоннаны құрады (2016 жылғы деңгейден 94 мың тоннаға көп).
«Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау-Самара» участогі бойынша тасымалданған мұнай көлемі 15 млн 913 мың тоннаны құрады, ол 2016 жылғы деңгейден 889 мың тоннаға артық.
«Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 12 млн 289 мың тоннаны құрады, ол 2016 жылғы көрсеткіштен 2 млн 221 мың тоннаға көп.
«ҚазТрансОйл» АҚ қуатын пайдаланып Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю 1 млн 192 мың тоннаны құрады (2016 жылғы көрсеткіштен 1 млн 4 мың тоннаға аз).
КТК-К магистральды мұнай құбырлары жүйесіне мұнайды ауыстырып құю 2 млн 884 мың тоннаны құрады (2016 жылғы көрсеткіштен 139 мың тоннаға аз).
«Туймазы-Омбы-Новосибирск-2» мұнай құбырының қазақстандық учаскесі бойынша мұнай тасымалының көлемі 10 млн 616 мың тоннаны құрады, ол 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 2 млн 962 мың тоннаға көп.
«Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры бойынша Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына тұщы су беру көлемі 2017 жылы 26 млн 225 мың текше метрді құрады, ол 2016 жылғы деңгейден 1 млн 92 мың текше метрге көп.
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 16 млн 538 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылғы деңгейден 2 млн 449 мың тоннаға көп. Аталмыш бағыт бойынша жүк айналымы 15 млрд 609 млн тонна-километрге жетті, ол 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 2 млрд 449 млн тонна-километрге көп.
«Мұнайтас» СБҚК АҚ мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 3 млн 660 мың тоннаны құрады (2016 жылғыдан 960 мың тоннаға аз). Жүк айналымы 1 млрд 437 млн тонна-километрді құрады (2016 жылғыдан 407 млн тонна-километрге кем).
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы және «Petrotrans LTD» компаниясы бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып құю 2 млн 109 мың тоннаны құрады (2016 жылғы көрсеткіштен 1 млн 269 мың тоннаға аз).
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар жөніндегі қызметі