KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ KASE дипломымен марапатталды

 15.02.2018    378
Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың қорытындысы бойынша листингілік компанияларды «Мөлдірлікке ұмтылғаны үшін» дипломдарымен марапаттау рәсімін өткізді. Экономика секторының үздік қаржылық емес компаниялары арасында «ҚазТрансОйл» АҚ КАSE дипломына ие болды. KASE http://old.kase.kz/ru/news/show/1362334 хабарлағандай, дипломдармен марапаттау салтанаты 2018 жылғы 14 ақпанда өткізілді. Төмендегі листингілік компаниялар 2017 жылдың қорытындысы бойынша келесі топтарда дипломдарға ие болды. Олар: 1) «Экономиканың қаржылық секторының листингілік компаниялары»: - «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; - «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ; 2) «Экономиканың қаржылық емес секторының листингілік компаниялары»: - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ; - «ҚазТрансОйл» АҚ. 2017 жылдың қорытындысы бойынша белгіленген листингілік компанияларды ынталандыру туралы шешім KASE Басқармасы тарапынан KASE «Жыл сайынғы листингілік компанияларды ынталандыру ережелері» ішкі құжатына сәйкес 2018 жылғы 6 ақпанда қабылданды. Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі қызмет
Реакция:
Серiктестер