2017 жылға арналған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жеке табысы 208 млрд. 606,9 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2017 жылдың жеке таза табысы 45 млрд. 654,8 млн. теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың қорытындысына қарағанда 2,5%-ға төмен.
Компанияның 2017 жылдың шоғырланған табысы 222 млрд. 449,9 млн. теңгені құрады, аталмыш көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артық.
2017 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырланған таза табысы 50 млрд. 117,9 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 12,6%-ға жоғары.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың сайтында қаржылық қорытынды жарияланатын болады: http://www.kaztransoil.kz/ru/akcioneram_i_investoram/raskritie_informacii/finansovaia_informaciia_godovie_i_promezhutochnie_finansovie_otcheti/
«ҚазТрансОйл» АҚ Инвесторлармен байланыс қызметі