KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ эмитенті дефолтының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингісін «ВВВ-» деңгейде «Тұрақты» болжаммен растады

 05.04.2018    518
2018 жылғы 29 наурызда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі (бұдан әрі – Fitch) «ҚазТрансОйл» АҚ эмитенті дефолтының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингісін «ВВВ-» деңгейде «Тұрақты» болжаммен растады. Fitch ҚТО рейтингілері кем дегенде орта мерзімді болашақта сақталатын оның мықты операциялық және қаржы көрсеткіштерін көрсететіндігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) экономикасы үшін ҚТО-ның стратегиялық маңыздылығын атап өтті. ҚТО рейтингісі оның бас құрылымы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың рейтингісімен («ВВВ-», «Тұрақты» болжам) шектеледі. ҚТО «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-пен мықты операциялық және стратегиялық байланыста, ол ҚТО-ның бос ақша ағынына дивидендтер арқылы елеулі әсер етеді. Fitch ішкі нарыққа мұнай тасымалдау көлемі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталғаннан кейін біршама артады деп күтеді. Fitch пікірі бойынша ҚР-ның орталық бөлігіндегі бірқатар кен орындары ресурстарының табиғи сарқылуына және мұнай көлемін Қашаған кен орнынан басқа бағыттарға қайта бағыттауға байланысты экспорт көлемі сәл төмендеуі мүмкін. Бұл ретте, Fitch пікірінше, экспорттың төмендеуін транзит көлемін ұлғайтумен орнын толтыру қажет болғандықтан, бұл үрдіс компанияның бизнес-бейінін нашарлатпайды. «Роснефть» МК» ЖАҚ Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау көлемін 2017 жылы 7 млн. тоннадан 2018 жылы 10 млн.тоннаға дейін көбейтті. Бұдан басқа, Өзбекстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты пайдалануға берілгеннен кейін ҚТО арқылы Өзбекстанға транзит көлемі 2022 жылы 5 млн. тоннаға жетуі тиіс. 2015 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті ҚР ішкі нарығына магистральдық құбырлар жүйесі арқылы мұнай айдау қызметтеріне бесжылдық кезеңге тарифтің жыл сайынғы 10% өсімімен тарифтердің шекті деңгейін бекітті. ҚР шегінен тыс экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау тарифі Компанияның бұйрығымен 2018 жылғы 1 сәуірден бастап 10%-ға көтерілді. Сонымен қатар, Fitch талдаушылары ҚТО-ның экспорттық және транзиттік тарифтерді көтеру мүмкіншілігі ҚТО-ның кредиттік қабілеті үшін қолайлы фактор болып табылатындығын айрықша атап өтті. Fitch ҚТО-ның жеке операциялық бейінін реттеуші ортамен және бір елдегі активтердің шоғырлануымен тежелетін тиісті рейтингтік «ВВВ» санаты ретінде бағалайды. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер