KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2017 жылы 61,5 млрд теңге көлемінде дивиденд төлеуді жоспарлауда

 12.04.2018    568
«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жылдық жиналысына дивидендтерді төлеу үшін 50,118 млрд теңге көлеміндегі 2017 жылдың таза табысы мен өткен жылғы бөлінбеген 11,423 млрд теңге деңгейіндегі табысты бағыттауды ұсынды. Осылайша, акционерлерге 61 млрд 540 млн теңге көлемінде дивиденд төлеу ұсынылды. Дивиденд көлемі «ҚазТрансОйл» АҚ бір қарапайым акция есебінде 160 теңгені құрамақ. 2016 жылдың қорытындысы бойынша компания дивидендтерді төлеу үшін 59 млрд 617 млн теңге қаражат бағыттады. 2016 жылға дивиденд көлемі бір қарапайым акция есебінде 155 теңгені құрады. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы 2018 жылдың 24 мамырында өтеді. Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистралдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың қарапайым акциялары Қазақстандық қор биржасында листингтен өтті. Халықтық IPO нәтижесінде 2012 жылдың қараша-желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері Қазақстан Республикамыздың 33 989 азаматы және 10 жинақтаушы зейнетақы қорлары болды. 2012 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 75 теңге және/немесе орналастыру бағасына 10,3 % құрады. 2012 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 28 847 669 925 теңгені құрады. 2013 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 109 теңге және/немесе орналастыру бағасына 15 % құрады. 2013 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 41 925 280 291 теңгені құрады. 2014 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 120 теңге 71 тиын және/немесе орналастыру бағасына 16,6 % құрады. 2014 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 46 млрд 429 млн 363 мың 155 теңге 29 тиынды құрады. 2015 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 133 теңге немесе орналастыру бағасына 18,3 % құрады. 2015 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 51 млрд. 156 млн 535 мың теңгені құрады. 2016 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 155 теңге немесе орналастыру бағасына 21 % құрады. 2016 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 59 млрд. 617 млн 355 мың 345 теңгені құрады. «ҚазТрансОйл» АҚ Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер