KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Қаламқас -Қаражанбас-Ақтау және Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбырын қайта жөндеу жұмыстары аяқталды

 31.05.2018    350
Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау магистральді мұнай құбырының 189 шақырымнан 264,5 шақырымға дейінгі учаскесі пайдалануға берілді. Ұзақтығы 75,5 шақырым болатын мұнай құбырының учаскесі, 2013 жылы мұнай құбырлары учаскелеренің пайдалану қауіпсіздігіне сенімділікті арттыру мақсатында және батыс–қазақстан топтық кен орнындағы мұнайдың қосымша көлемін экспортқа шығару және отандық мұнайөңдеу зауыттарына жеткізу үшін Өзен-Жетібай-Ақтау және Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау мұнай құбырларын қайта жөндеу жобасы аясында іске асырылды. Жоба үш кезең бойынша жүргізіліп, 366,35 шақырым мұнай құбыры толықтай ауыстырылды. 2013-2017 жылдарды іске асырылған жобаның жалпы құны ҚҚС-ты есептегенде 69,4 млрд. теңгені құрайды. АҚ «ҚазТрансОйл» Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметі
Реакция:
Серiктестер